Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы.
Қайдасың, қайда арманым,
Сезім деп, алға шақырған.
Елеске, неге оралдың,
Бақ құсым болмай, самғаған.
Жылдарым менің, көктемім,
Әлі де естен, кетпеген.
Сондықтан, менің жүрегім,
Күзден де, көктем іздеген.
Тұрсада айтып, мұң тамшы,
Сырымды, жүрек сақташы.
Бес күндік, өмір алдамшы,
Деп сезім, маған айтпашы.
Алыстан сені құшамын,
Сағынып күнде, еске алып.
Жете алмай саған, жатамын,
Қанатсыз құстай, мен қалып.
Үзілмес сезім екенсің,
Жат болып мүлдем, кетсең де.
Әлі де менде мекенің,
Ғасырдай, уақыт өтсе де.