
Қылмыстык процестің үш буынды моделін іске асыру барысы
Қазақстанда қылмыстық-құқыктық жүйені реформалаудың маңызды кезеңі аякталуда. Елде сот ісін жургізудіңң үш буынды моделі толық енгізілді. Бұл реформаның негізгі максаты - сот терелігінің тиімділігін арттыру және азаматтардың құқықтарын сенімді қopғay.
Аталған бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халкына Жолдауында көтерілген. Үш буынды модель ЭЫДҰ елдерінің тәжірибесіне негізделген және әр органның міндетін накты айкындайды: полиция қылмысты тергейді, прокурор тергеудің зандылығын тексеріп, айыптауды колдайды, ал сот әділ шешім кабылдап, үкім шыгарады.
Бұл жүйе прокурорлық бақылауды күшейтіп, азаматтардың негізсіз қылмыстық қудалауға ұшырауына жол бермейді. 2021-2025 жылдар аралығында прокурорлар 76 мыңнан астам процессуалдық шешімді тексеріп, 4 мыңнан астамының, заңсыз екенін анықтады. Нәтижесінде 800-ден астам азамат қылмыстық процеске әділетсіз тартылудан қорғалды.
Жаңа модель кезең-кезеңімен енгізілуде. 2026 жылдан бастап алдын ала тергеу жүргізілетін барлық қылмыстық істер бойынша айыптау актілерін тікелей прокурорлар әзірлейтін болады.
Бұл реформа құқықтық мемлекетті нығайтуға бағытталған маңызды қадам болып табылады. Онда басты басымдык - жазалау емес, азаматтардың, құқықтары мен заңды мүдделерін корғау.
Павлодар облысының прокуратурасы


Присоединяйтесь — мы покажем вам много интересного
Присоединяйтесь к ОК, чтобы посмотреть больше фото, видео и найти новых друзей.
Нет комментариев