
Көршілер
Алыстағы туысыңнан жақындағы көршің артық. Көршілеріміз Ыбыраевтағы күшті, рақымы мол, ұйымшыл болды. Көршілерімнің бәрі жақсы, бір тілектес болдық. Ол көршілер: Сара-апа, Рақым-аға, Жұпар-замандас, Қожахмет-аға мен Зейнепа Тұрғынқызы, Әбу-аға, Қапиза-апа, Тайшық-аға, Қайни-тәтей, Сәден-аға, Мәриям-апа, Ахметжан-аға, Мәрпулә-апа, Қайрия-тәтей, Ерғазы-аға, Хамит-аға, Мәрә-тәтей, Кейкуат-аға, Сапура-татей, Қазан, Зоя, Жұмабай-марқұм, Алма, Амангелді, Әлия, Абай-марқұм, Гулмарай, Зекеш, Куляш, тағы басқалар.
Дәл жанымызда Рақым-аға мен Жұпар-замандас тұрды. Қазiр ол кiсiлер жоқ! Иман байлығын тiлеймiн! Рaхым - аға - өте кiшiпейiл, жолынан жығылмайтын адам еді. Мерекелерде бiрiншi келуші еді, "құтты болсын" айтып. Асқан немересі мен біздің Ануар апрельде туған. 8 күні болса - бізде, 11апрель күні - Рахым-аға үйінде тойлайтынбыз.
Жұпар қазiр тiрi жүру керек еді. Бұл менiң ойым. Бейнеттi көрiп, кетiп қалды...Жексенбі күні ылғи «самауырға шай қойдым, келе ғой» деп бір келетін, «жасап қойдым» деп тағы келуші еді. Өте тату тұрдық.
Шөп шабу кезі. Әбу-атамен зайыбы Қапиза, ат жегіп, шөпке шығады. Атасы (Мейрам) велосипедпен барады, шабындықтары бір жер. Бір күні Әбу-ата қой сойып, қасына шақырыпты.
Саден-аға ұстаз, Мариям-апа - өзгеше адамдар. Аға -соғыс ардагері. Мариям-апа әбден қартайғанға дейін осы Тұяқ көшесінде келіндердің жұмысын атқарды. Жылқы сойғанда ол кісі күтіп отыратын «қарын түсті» деген сөзді. Ұзын көйлегінің етегін ышқырына 2 жақтан қыстырып алып, іске кірісетін. Мен депутат болып сол үйде, «встречаға» келсем, көршілер түгел келген екен. Бір уақытта «Сүйінші! Сиыр бұзаулады!» - деді. Бұл бұзаудың атын «Депутат» деп қойдым деді Мәриям-апа.
Хамит-аға - Атасының нағашысы әрі жездеміз, өйткені Мәрә-апа атасының апайы болады. Ол үйге қонақ көп келеді, біз көп рет сол үйдеміз. Атасы разы болып, ылғи да айтып отыратын. Солардың қымызын бөліп ішетінін айтып отыратын.
Жоламан - Атасының картожник замандасы. Қарт ойнағанда, жеңілуді білмейтін. Күлпәш - Жоламанның зайыбы - Атасымен бір сыныпта оқыпты. Жазда үйдің шатырында қатар-қатар жататынбыз», - деп еске алатын Күлпәш, «бірақ еш жамандық ойламаушы едік» дейтін. Жоламан болса, қазір Жанболат баласымен тұрып жатыр. Бұрынғыдай көңілі жоқ, бұрынырақ айғайлап «жаныма келсең болмайма, жылқылар жусап жатқанда, - деп өлең айтушы еді. Бұрын Күлпәш екеуі қосылып айтушы еді..
Зекеш Ыбыраевта тұрғанда, үйдің жанынан өтетұғын. Мен үйге келе жатқанда ол кісі Нұрқанов Анас ағаның үйінен бері келе жатады. Анамыз Күлкамиланың айтқаны есіме түседі де, «үлкен кісінің атын атама, алдын кесіп өтпе, үлкен кісіге көмектес, орын керек болса, орныңды бер, үлкен кісімен жағаласып сөйлеме», тағы-тағылар. Күтіп тұрмын. Ол кісі асықпайды. «Күткенің үшін рахмет, көп жаса»,- деп, батасын беретін. Тағы бірде мен тұрмын, Атасы келе қалды:«Не тұрыс?» Мен: «Ата келе жатыр ғой! Көрмеймісің?»- десем, шек-шілесі қатып, күліп, «ол ата емес, менің түйдей құрдасым», - деді. Сол-ақ екен, келесі кездескенде алыстан «Пока,пока» дейтін болдым!
Енді бір Атасының құрдасы - Ескендиров Сәкен. Оның ана-мынаумен жұмысы жоқ. Көп ауырды. Мен оған районнан ақшасыз берілетін дәрісін врачқа кіріп жаздыртып алатынмын. Ылғи рахметін аямайтын!
Атасының тағы бір замандасы - Сайлау Мұхамеджанов қызыл машинасымен Сергеевкаға келсе, соқпай кетпейтін. Бұл тәртіптік еді. Екі жылдан кейін зайыбы Зәуре де дүние салды. Әйтеуір, қайтардан бұрын Бикеш қызының үйінде болғанда халін білуге барып, қоштастым. Қолы жұп-жұмсақ болды.


Присоединяйтесь — мы покажем вам много интересного
Присоединяйтесь к ОК, чтобы посмотреть больше фото, видео и найти новых друзей.
Комментарии 3
И,главное, все у неё получалось органично.
И делегировать умела.